Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерделеуді тапсырып, елімізде атом станциясын салу қажеттігі туралы айтты. Сіздің ойыңызша, Қазақстанда бейбіт атомның даму перспективалары қандай және АЭС тәуекелдері қандай? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист «Астана клубының» алтыншы отырысына қатысушылардан сұрады. Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев өзінің жеке көзқарасымен бөлісті. Ол өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен алынған тезистермен нақтылады.