Ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде ең басты байлығымыз – халқымыздың саны өсті. Мегаполиске айналған Шымкент қаласы қанатын жайса, Түркістан облыс орталығына айналды. Бұл – Тәуелсіздіктің айтарлық бір жемісі. Елдің, келген мыңдаған қонақтардың айтуы бойынша көне қаланың бүгінгі келісті келбетіне, сән-салтанатына, оның рухани бағыт-бағдарына көз қуанып, көңіл көтеріледі. Бүкіл түркі дүниесінің теңдессіз тарихи жәдігер киелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орын тепкен қасиетті мекен бүгінде рухани және мәдени, туризм кластеріне айналған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жұмыстары одан әрі жалғасады.