Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжеткізуді қамтамасыз етпеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың мәдени, ойын-сауық іс-шараларына кіруіне жағдай жасамау түрінде жасалған, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл ӘҚБтК-нің 83-бабы. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айыппұлдар есебінен бюджетке қанша қаржы түскені жайлы айтып берді.