2020 жылдан бастап «бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша мүлік иелерінің бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Оның маңыздылығы мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. 2021 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша басқарудың жаңа нысандарына 29 775 КПТҮ немесе 64% көшті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков мәлім етті.