Павлодарда биыл облыстық аурухана жанындағы инфекциялық бөлімше пайдалануға беріледі. Облыста төсек-орын қоры пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2,4 есе өсті. Біз үшін саланың басқа да бағыттары бірдей маңызды – деп сендірді Павлодар облысының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.