Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен кеңесте өңірдегі ауыз су тапшылығын шешу үшін нақты тапсырмаларды жүктеген болатын. Біз белсенді жұмысты бастадық, инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы мәселесін шешу біздің басты міндетіміз болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Нұрлан Ноғаев хабарлады.