Ел Президенті білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл бағыттағы жобаларды іске асыру өңірде табиғи өсімнің жоғары болуымен ерекше маңызды, деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аймақтағы туу көрсеткішінің мың адамға шаққанда коэффициенті 32-ні және «халықтың табиғи өсімі» коэффициенті 26-ны құрап, еліміздегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Жылына 20 мың бала дүниеге келеді.