UNCTAD-тың әлемдік инвестициялар туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес, Қазақстан таза тікелей шетелдік инвестициялар ағынының өсуі бойынша көш бастап тұр. Осылайша, 2020 жылы Қазақстанға таза ТШИ ағыны 35%-ға өсті, бұл өтпелі экономикасы бар 17 елдің, теңізге шыға алмайтын 34 елдің, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің арасындағы ең үздік көрсеткіш болып табылады. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев келтірді.