Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.