2021 жылдың 10 айында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары газбен жабдықтау объектілеріне 103 тексеру, оның ішінде кесте негізінде ерекше тәртіп бойынша 66 тексеру және жоспардан тыс 37 тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша 1053 бұзушылық анықталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев осындай көрсеткіштерді келтірді.