Экология министрлігімен және негізгі өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп әзірленген Жол картасына сәйкес, алдағы үш жылда шығарындыларды 30% - ға төмендету міндеті тұр. Бұл экологиялық проблемалар бар негізгі қалалар – Теміртау, Жезқазған, Балқаш. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жоспарларымен бөлісті.