Қарағанды облысында балалардың спорт мектептеріне тегін кіруіне миллиардтан астам теңге бөлінді. Жан басына қаржыландыру жобасы спорттың 17 түрі бойынша секцияларға бес мыңнан астам жас қарағандылықтарды тартуға мүмкіндік берді. Дене шынықтыру мен спорттың қолжетімділігі жаңа спорт алаңдарын салу есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.