Жер - құрған мемлекеттің, халықтың материалдық бейнесі, киелі нысан. Халықаралық қатынастар ішінде территориялық даулардың ең қиыны және ең ауыры болуы, қоғамда ауқымды наразылық тудыруы да тегін емес. Ұлы мұра туралы айта келе, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл осындай пікір білдірді. Профессор Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде, Ата-бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, атқа мінуді меңгерген ботайлықтар мен олардың ұрпақтары - әлемді мәңгілікке өзгерткен, халықтар мен мәдениеттерді байланыстырып, заманауи өркениет құра білген, неолит дәуірінен бастап Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігін игерген халық. Ұлы Дала өркениетінің мұрагерлері қазақтар сақтар, синну, түріктердің даңқты дәстүрлерінің жалғасы әрі жалғастырушысы болды. Ал, олар өз бабаларынан мұра болып қалған туған жерін сақтау мәселесіне қашан да үлкен жауапкершілікпен қарағанын еске салды.