Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір экономикасында негізгі капиталға тартылған инвестицияларға тоқталды. Есепті кезеңде облыс экономикасына 11% өсіммен 306,2 млрд теңге салынды. Биыл осы қарқынды сақтап қана қоймай, ұлғайту да жоспарда бар. Сондықтан инвестициялық жобаларды, соның ішінде Ресей Федерациясымен өнеркәсіптік кооперацияны нығайту шеңберінде іске асыру жалғасады.