Бүгінгі таңда Қазақстанда ғарыштық мониторингтің 10 бағыты бар: Экология министрлігі үшін - қалдықтар, орман және су ресурстары, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру мониторингі; ауыл шаруашылығы министрлігі үшін – егістіктер, жайылымдық жерлер, жерді пайдалану мониторингі; Бас прокуратураның сұратуы бойынша және ТЖМ үшін төтенше оқиғалар туындаған кезде жерді өздігінен басып алу. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов хабарлады.