Индустриялық экономиканы трансформациялау. Бұл өнеркәсіпті дамытудың және перспективалы инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында мүмкін болды. Мысалы, ламинатталған фанера комбинаты мен жұмсақ контейнерлер шығаратын фабрика есебінен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.