Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облыстарында кәсіпкерлер саны 2,7 мыңға артты, 5 жыл ішінде ШОБ өнімдерін шығару 2 есеге өсті, 374 млрд теңгеден 776 млрд теңгеге дейін, бюджеттің кіріс бөлігінде ШОБ-тан түскен салықтар үлесі 49-дан 61% дейін ұлғайды. Бұл туралы өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.