Солтүстік Қазақстан облысында 53 көпқабатты үй салынып жатыр, оның 23-і жеке құрылыс салушылар есебінен. 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа баспананы 12 мың солтүстікқазақстандық алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.