Солтүстік Қазақстан облысына Иран мен Ауғанстаннан қоныс аударған қандастардың климат пен тұрмысқа бейімделуі қалай өтті? Бұл туралы өңір басшысынан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сұрады. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, облысқа күзде 25 отбасы қоныс аударған. Олар Есіл және Шал ақын аудандарына орналастырылды.