Құжатта балық өсіруге баса назар аударылды. Оны жүзеге асыру басталды. Инвестиция көлемі 182,4 млрд.теңгеге жуық, жылына 129 мың тонна балық өсіру жоспарланған және 5,3 мың жұмыс орнын құрумен 32 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Серікқали Брекешев биыл жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтары есебінен 12,8 мың тонна балық өсіру жоспарланғанын, бұл өткен жылға қарағанда 30%-ға артық екендігін мәлімдеді.