Жақында Брижит Бордо Қазақстан Президентіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын қайта қарауды сұрап хат жазды. Себебі, онда әлі де «аулау», «уақытша ұстау» және «өлтіру» сияқты сөздер бар, ал «аулау», «зарарсыздандыру», «вакцинация», «чиптеу» немесе «жануарларды қайтару» сияқты адамгершілікті істер жайлы айтылмайды. Демек, қаңғыбас жануарларды бұрынғыдай ұстап, өлтіру жалғасады, әлде заңның тұжырымдары қайта қарала ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің экология ведомствосының басшысы Серікқали Брекешевке осындай сұрақ қойылды.
Заң жобасының ең маңызды идеясы - қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді енгізу арқылы жануарларды өлтіруге тыйым салу – экология министрі
Тегтер:
денсаулық сақтау