Биыл қаңтар айынан бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктік шегінен асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында пайдалануға болады. Өтінімдер enpf-otbasy.kz платформасы арқылы қабылданады. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге 370 мыңға жуық адам пайдаланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.