Биыл Президенттік Жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінің көбі онлайн режимде өткізілді. Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық жоба шеңберінде арнайы платформа әзірледі. Автоматтандыру есебінен қандай мәселелер шешілгені жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Бас директоры Кенжебек Санабаев айтып берді.