Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінен бензин өндіру – 4,7 млн тонна, дизель отыны – 4,8 млн тонна, мазут – 2,4 млн тонна, битум – 933 мың тонна және авиакеросин өндіру – 600 мың тонна. Бұл ретте тамыздан қазанға дейін ЖЖМ нарығында дизель отыны тапшылығы болды. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін дизел отыны мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды; АМӨЗ жоспарлы жөндеу 2022 жылға ауыстырылды; ПМХЗ жөндеу қыркүйектен қарашаға ауыстырылды; 281 мың тонна ДО Ресейден импортталды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында дизель отыны нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Перспективаға әсер етті. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.