Жыл басынан бері 4 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар смартфон арқылы қол жетімді болды. 2020 жылы «eGov mobilе»-да барлығы 16 қызмет болса, қазір басқаларын қосқанда қосымшада қызметтер саны 31 жетті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев осындай мәліметтерді келтірді.