Практикада көптеген жағдайда қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық іс сот сараптамаларының нәтижелеріне байланысты болады. Сараптама тағайындау және нәтижесін алу мерзімін қысқарту мақсатында «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтке брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.