2017 жылы Энергетика министрлігі орта мерзімді перспективада газдың мүмкін болатын тапшылығын болжады. Бұған себеп ретінде газдың өте төмен бағасы, тұтынудың белсенді өсуі және өндірісті одан әрі дамыту мүмкіндігі болмауын келтіруге болады. Осыған байланысты сұйытылған газ нарығын біртіндеп либерализациялау туралы шешім қабылданды. Бұл үшін 2018 жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына газды электрондық сауда алаңдары арқылы саудалауға 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен өтуді көздейтін түзетулер енгізілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осы механизмді түсіндіріп өтті.