Әуе рейстері тоқтатылған немесе басқа уақытқа ауыстырылған жағдайда, брондау кезінде ұялы телефондары мен электрондық поштасы көрсетілген жолаушыларға өзгерістер енгізілгеннен кейін жүйе арқылы хабарланады. Интернетке қосылу шектеулі болуына байланысты әуе компаниялардың қызмет көрсету орталығымен байланысу қиын болуы мүмкін. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына ұшуды алдағы рейстерге ауыстыру ұсынылады.