Президент Мәжілістегі сөзінде үлкен саяси міндеттерді алға қойды. Бұл – мемлекеттік табыстың әділетті бөлінуі. Президент жаңа сайланған үкіметке осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға, халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді шешуді тапсырды. Бұл үкіметке берілген үлкен сенім және мүмкіншілік. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді.