«Біздің бірлігіміз – орталық биліктің айналасына топтасуда ғана емес, біздің бірлігіміз – қоғам болып топтасуымызда. Бірінші кезекте, біз - Қоғамдық сенім кеңесі екенімізді ұмытпауымыз керек. Яғни, біз қандай да бір мемлекеттік органның мүддесін қорғамаймыз, бізде қандай да бір билік өкілеттіктері жоқ. Біз өз пікіріміз арқылы халықтың кейбір топтарының, әрқайсымыздың мүдделерімізді жеткіземіз», - деп бастады өз сөзін «Media Holding»Atameken Business» ЖШС Бас директоры Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел отырысында. Қанат Сахариянов көптеген кәсіпкерлермен, өте бай, орта және шағын бизнес өкілдерімен сөйлескенін айтты. Барлығы бизнес орталық органдардың шешімдерін бірауыздан қолдайды деп мәлімдеген.