Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура Алматы қаласында және басқа өңірлердегі террористік шабуылдардың барлық себептері мен егжей-тегжейін анықтау мақсатында тергеу жүргізуде. Қазірдің өзінде барлық аталған оқиғалар бір тізбектің буындары және террористердің әрекеттері бір орталықтан басқарылған деп айтуға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлім етті.