Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бұл ретте барлық медицина қызметкерлері адамгершілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова әріптестерінің қиын кезеңдегі жұмысы жайлы айтып берді.