Барлық қылмыстарды тергеу үшін құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған ведомствоаралық тергеу тобы құрылды. Террористік актілерге және басқа да қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев мәлімдеді.