Эпидемиологиялық ахуалға байланысты үшінші тоқсанда оқыту әртүрлі форматта басталады. Еліміздің 3 қаласында: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында балалар қашықтан оқиды. Барлық техникалық құралдар таратылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова мәлім етті.