Студенттер үшін көктемгі семестр 24 қаңтарда офлайн режимде басталады. Бұл ретте, жоғары оқу орындары каскадтық әдісті қолдана алады, яғни студенттердің жинақталуын барынша азайту үшін оқуды бастау оқу курсына/оқу бағыттарына байланысты 24 қаңтар мен 6 ақпан аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы мүмкін. Жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер – онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар – офлайн режимде өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді.