Елдегі бейбітшілік пен тыныштық, тәртіп пен заңдылық заң шығарушы және атқарушы билікке ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматына да байланысты. Бұл азаматтық жауапкершілік. Болған оқиға әрқайсымыз үшін сабақ болуы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлім етті.