Арнайы мекемелерге бару жалғасуда. Бұл адам құқықтары мен конституциялық кепілдіктердің қорғалуына, қатыгездікке жол бермеуге және жабық мекемелерде ұстаудың басқа да кепілдіктеріне тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ету үшін маңызды. Ұлттық алдын алу тетігінің топтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіруімен 11 өңірдегі 34-тен астам арнайы мекемелер мен тергеу изоляторларына барды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Сана Сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ директоры, Ұлттық алдын алу тетігі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Шахноза Хасанова мәлімдеді.
Шымкентте 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған құқық бұзушылық фактілері бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды
Тегтер:
сот төрелігі