Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты рұқсат етілмеген митингілер басталғаны баршаға мәлім. Оларды елдің басқа да бірқатар өңірлеріндегі азаматтар қолдады. Дегенмен, заңдарды сақтау әрбір адамның борышы мен міндеті екенін бәрі түсінеді. Сондықтан, Бас прокуратура мен жергілікті прокурорлар алғашқы күннен бастап жиналғандарға заңнама талаптарын орындау қажеттілігі туралы бірнеше рет түсіндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлім етті.