Соңғы айда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық 20 есеге артты. Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел қызыл аймақта орналасқан. Сырқаттанушылық деңгейі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Ол жаңа штаммның қауіпті екенін айтты.