«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау рейтингісін төртінші жыл қатарынан жасап келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мәлімдеді.