Ел басшылығы үкіметтің, атап айтқанда, энергетика министрлігінің алдына жанар-жағармай материалдарын өндіру және тарату жүйесін реформалау жөнінде міндет қойды. Біріншіден, бұл өнімді емес делдалдарды жоюға, көтерме жеткізушілерге қойылатын талаптарды күшейтуге қатысты. Кейіннен енгізілетін соңғы ережелер әлі талқылануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.