Атырау облысы жолдардың сапасы бойынша аймақтар арасында соңынан үшінші орында, 61 %. Республика бойынша көрсеткіш – 75%. Аңыз болып кеткен «Астрахань – Атырау» жолы 2021 жылға дейін бітуі тиіс болған. Қазір оның құрылысы тоқтап тұр. Халық 300 шақырым жерге, Астрахань шекарасына, Құрманғазы ауылының азаматтары жолдың жанымен жүріп, қиыншылық көріп отыр. Не себептен? Тағы бір жол мәселесі – «Құлсары – Мұқыр» жолы. Оның құрылысы екі жыл бұрын аяқталуы тиіс болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа осы мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Ведомство басшысының айтуынша, «Астрахань – Атырау» жолы бойынша жұмыс басталды. Ол екі кезектен тұрады. Бірінші кезегі бітті, екінші кезегі созылып кетті.