1 600 АЕК жоғары немесе 5 млн теңге – мұндай қарыз болған жағдайда сот банкроттығы рәсімі қолданылады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылуға жатады. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев хабарлады.