Банкрот деп танылған адамдарды қаржыландыратын, несиелейтін қаржы ұйымдарына қандай жазалар қарастырылған? «Қара» микрокредиттік ұйымдардың, ломбардтардың немесе осы тұлғаларға несие беретін басқа ұйымдардың пайда болу тәуекелдері ескерілді ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жауап берді.