Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға қол қойды. Құжат биыл 2 наурыздан бастап күшіне енеді. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, заңмен, жекелеген санаттағы жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй, қараусыз және қаңғыбас жануарларды асырау және ұстау кезіндегі талаптар белгіленген. Сондай-ақ барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу және осындай насихаттың кез келген нысандарына тыйым салу енгізіледі.