Есепке алудың егжей-тегжейлі тәртібі тиісті ережелерде айқындалатын болады. Есепке алу иелердің есебінен жүзеге асырылады. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға бұл рәсімді мемлекет төлейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.