Статистикалық талдау көрсеткендей, 2021 жылға дейін, елде мұндай майнерлер болмаған кезде, электр энергиясын тұтыну жылына орта есеппен 2%-ға өскен болатын. 2021 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтыну өсімі бұл көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсті және 6,1% құрады. Ал БЭЖ-дің оңтүстік аймағында бұл көрсеткіш 12% құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.