Қазақстанда атом энергетикасын дамыту әлеуеті жеткілікті. Біз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орындамыз. Бізде ядролық отын компоненттері өндіріледі, сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қолжетімділік бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады.