Қабылданған шаралар нәтижесінде азаматтар мен бизнес субъектілерінің жалпы сомасы 110 млн теңгеге бағаланатын ұрланған мүлкі, оның ішінде 10 автомашина, тұрмыстық техниканың 301 бірлігі, 188 бірлік зергерлік бұйым, 250 ұялы телефон, 16 млн теңге, киімнің 472 бірлігі алынды. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.