Бұрын хабарланғандай шабуылдаушылар тарапынан қылмыстық әрекеттердің жолын кесу және әкімшіліктер мен полиция ғимараттарына шабуылдарды тойтару барысында 3 мыңнан астам құқық қорғау органдары қызметкері мен әскерилер әртүрлі дене жарақаттарын алды. 100-ден астам жауынгер әлі күнге дейін стационарларда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.